Бас жаңалықтар
«Қазақстан темір жолы» АҚ 14 қызметкері жемқорлыққа күдікті деп танылды
18 Сәуiр 2019, 12:54 325

«Қазақстан темір жолы» АҚ 14 қызметкері жемқорлыққа күдікті деп танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді.  Ол өзіне бағынышты Ақтөбе, Тараз, Павлодар және Қарағанды орталық филиалдары директорларының жалпы сомасы 1,7 млн теңге ақшасын қайтарымсыз негізде иелену арқылы оларға аталған сомада материалдық залал келтіре отырып, өкілеттігін теріс пайдалануда күдікті деп танылды. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды», - деді Бердалин.

Сонымен қатар, ол департаменті  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды көлік-оқу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды көлік-оқу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол делдал арқылы дәріс алушыдан дәрістерге қатысудан босату үшін 30 мың теңге сомасында пара алды деп күдікке алынды. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр»,  - деді департамент директоры.

Айтуынша, жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысшыларына қатысты 29 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді.

«Осы жылдың басында Сыбайлас жемқорлық қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның бағынышты ұйымдарының жұмысшыларына қатысты 29 сыбайлас жемқорлық қылмысы, оның ішінде 3 қылмыстық іс сотқа жолданды. Тіркеліп, күдіктілер ретінде 14 тұлға тартылуда. Жемқорлыққа қатысты көп жағдайда ақша жымқыру, парақорлық, ақтаралған жұмыстар актісіне қол қою, жұмысқа қабылдау, қызмет бойынша ауысу, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды кедергісіз беру бойынша өкілеттіктерін теріс пайдаланумен байланысты болып отыр», - деді Арман Бердалин.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық