Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3% пара бергенін жасырмады

18 Сәуір 2019, 12:34
2028
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3% пара бергенін жасырмады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева айтты.

«Жастар үшін сапалы және қызықты іс-шараларды өткізу өте маңызды. Және, ең алдымен студенттердің мұндай іс-шараларды қаншалықты қабылдайтынын және олар үшін қаншалықты оң нәтиже беретінін түсіну қажет. Осыған байланысты осы айда елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық қатынастардың болуына қатысты студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілді», - деді Жылқышиева. 

Жазира Жылқышиева сауалнама нәтижесімен бөлісті. Студенттердің 87,6% ешқашан пара мен сыйлық бермеген болып шықты.

«Сауалнама нәтижесінде 11 жоғары оқу орындарында жалпы 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,75 балды құрады. 1 балл – жоққа шығару (қанағаттанарлықсыз), 5 балл – жоғары бағалау. Бұдан бөлек, сауалнамадан өткен студенттердің 87,6% ешқашан пара мен сыйлық бермегенін растады.  6,3% мұндай жағдайлармен кездескенін жасырмады, 7,1%  жауап беруден бас тартты. Сұралған студенттердің 71,3% академиялық әділдік олардың университетінде қалыпты жағдай деп белгіледі. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымымен байланысты сұраққа басым көпшілігі«міндетті түрде күресу қажет, бұл «өзекті мәселе» деген нұсқаны белгіледі», - деді спикер.

Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3% пара бергенін жасырмады
Фото: автордан

Сонымен бірге, студенттердің 26% күресудің пайдасы жоқ, бұл қалыпты құбылыс деп жауап берді.

«Студенттердің пікірінше, сыбайлас жемқорлық бойынша негізгі салалар: денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдары және сот жүйесі. Сіздің түсінігіңіз бойынша «Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық» деген сұраққа барлық респонденттер біліксіз мамандарға байланысты екенін көрсетті», - деді ол.

Ал оқытушылардың 13,5% сыбайлас жемқорлық оқытушылардың кәсіби еместігінен туындайды деп жауап берді.

Сауалнама осы көрсетілген жоғары оқу орындарының арасында жүргізілді:

1. Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Қазақ гуманитарлық заң университеті
3. Тұран-Астана университеті
4. Астана Медициналық университеті
5. Қазақ технология және бизнес университеті
6. Қаржы Академиясы
7. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық саудауниверситеті
8. Астана университеті
9. Еуразия гуманитарлық институты
10. Қазақ ұлттық өнер университеті
11. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
12. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Өзгелердің жаңалығы