"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" атты монография жарық көрді

11 Маусым 2019, 15:21
5143
Бөлісу:
"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" атты монография жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында "Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" ұжымдық монографиясы және "Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұра" атты архивтік құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жаңа кітаптарды таныстыру кезінде аталған институттың директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов бұл жинақтарға бұрыннан мұрағат материалдарында бар, бірақ кең қолданысқа шықпаған, зерттеушілердің қолына тимеген құжаттар енгенін айтты.

"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" атты монография жарық көрді

"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда» ұжымдық монографияны жасауға Қазақстанның түкпір-түпірінен тарихшылар қатысты. Өздеріңіз білесіздер былтыр Алаш орда үкіметінің 100 жылдығы болды. Соған орай біздің ұжым осындай екі кітапты 2018 жылдың аяғында дайындады. Бұған дейін неге таныстырылмады деген сұрақ заңды. Ғылым комитетінің рұқсатынсыз бір кітап тарамау керек деген талаптары бар. Мемлекеттік тапсырма болған соң шоттық палата келіп әр кітапты санайды. Осы жолы 70 кітаптың тұсау кесерін өткізуге Ғылым комиететінен рұқсат қағаз келді", - дейді институттың директоры. 

"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" атты монография жарық көрді

Жарық көрген кітапта Алашорда үкіметінің ұлттық-демократиялық, құқықтық мемлекет үшін күрес тәжірибесі, Алаш және ұлттық қозғалыстар, Алаш мұрасы және Алаш тұлғалары сынды тараулар қамтылған.

Профессор Берекет Кәрібаев бұл нағыз христоматиялық еңбек деген ойын білдірді.

"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" атты монография жарық көрді
 
"Біздің тарихымызды студенттер, магистранттар жалпы тарихқа қызығатын адамдар үшін ғылыми негізде және академиялық тұрғыдан материалдар мен деректерді жинақы етіп шығарғандар аз. 1935 жылы Аспендияров пен Кунте «Прошлое Казахстана» деген еңбекті шығарған. Ол кітапты әлі күнге дейін пайдаланып келеміз. Өйткені онда таза, бүкіл әлем мойындаған академиялық талап бар. Жарық көріп отырған мына жинақтарда да сондай талаптар сақталған", - дейді Б.Кәрібаев. 

"Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда" атты монография жарық көрді

Жиын барысында тарихшылар мен академиктер Алаш тарихына қатысты баяндамалар жасап, өздерінің тың деректерімен бөлісті.
Өзгелердің жаңалығы