«Абай Аренаның» нақты іске қосылатын мерзімі айтылды

6 Наурыз 2019, 21:37
1684
Бөлісу:
 «Абай Аренаның» нақты іске қосылатын мерзімі айтылды

Астана, BAQ.KZ. Семейдегі Қарағайлы ауданында 5 мың орынға арналған мәдени-спорттық кешен «Абай Аренаның» құрылыс жұмысы күн жылына келе тіптен жандана түсті. Жұмыс кестесі бөгеліссіз атқарылуда. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, нысан үш блоктан тұрады. Бірніші блоктың жұмысы аяқталып та қалды, енді тек әрлеу жағы жүруде. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

«Бұл нысан облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікелей бастамасымен қолға алынып отыр. Нысан үш бөліктен тұрады. Бірінде әрлеу жұмыстары қолға алынды. Ал үшінші блокта қасбет бөлігіның жұмыстары 50 пайызға орындалды. Әрлеу жұмыстарын біз қыста қолға алдық. Себебі қыста бұл кешенге жылу бердік. Ал бірінші және екінші блоктағы шатырлары мен төбелерінің біршама жұмыстары жасалды», - деді қала басшысының Николай Ушаков.

«Абай Аренаға» құрал-жабдықтың замануи түрлері орнатылады. Оның ішінде инженерлік инфрақұрылым, желдеткіш, жылу жүйесі, бассейнге су жіберу барлығы жоғары технлогияда атқарылмақ. Биыл желтоқсан айында бұл кешен іске қосылады. Бұл кешен облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікелей қадағалуында тұр, деп хабарлады Семей ақпараттық орталығының мамандары,облыс басшысы «Абай Аренаның» жобасын жасауда өзі де атсалысқан.

«Нысанның жұмысына 200 адам 8 компания бойынша біріктірілген. Мердігер ұйым мен тапсырыс берушілерге біздің қояр кінәміз жоқ, бәрі дұрыс», - деді ол.

Фото: altaynews.kz

Өзгелердің жаңалығы