Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген 32 адам ұсталды

26 Сәуір 2019, 17:27
2323
Бөлісу:
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген 32 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-25 сәуір аралығында құқықбұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

 ЖПІШ барысында 84 қылмыс ашылды, оның ішінде 30-ы бұрын жасалған қылмыстар, сонымен қоса бірге тонау дерегі де бар. Іздеуде жүрген 3 азамат ұсталды, арасында өткен жылдарда іздеуде болғандары да бар.

Тыйым салынған заттарды сақтау немесе өзімен алып жүру бойынша 16 тұлға ұсталды.

Сонымен бірге, облыс көлемінде 1582 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Соның ішінде, ұсақ бұзақылық бойынша – 146 адам, заңды өкілдерінсіз түңгі уақыттарды көңіл көтеру орындарына бару немесе үйден тыс жерде болу дерегі бойынша – 127, алкогольді ішімдік ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға бару дерегі бойынша 319 адам анықталды, олардың ішінде 112 адам уақытша оңалту және детоксикациялау орталығына орналастырылды.

«25 сәуірде патрульдік полиция қызметкерлері Маңғыстау облысы тұрғынының басқаруындағы BMW маркілі көлік құралын тоқтатып, қарау тексеру барысында травматикалық қару мен патрондар және сабы скотчпен оралған пышақ анықталып, тәркіленді. Криминалистикалық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Жол қауіпсіздігі бойынша мыңнан астам жол жүру ережесін бұзғаны анықталды. Оның ішінде, 32 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 29 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде қарсы бағытқа шығып кеткен және азаматтарды заңсыз тасымалдауды жүзеге асырған.

 

Өзгелердің жаңалығы