№ 29 бағдар өз қозғалыс бағытын өзгертеді

11 Қаңтар 2019, 20:58
1640
Бөлісу:
№ 29 бағдар өз қозғалыс бағытын өзгертеді

Астана, baq.kz. Енді ол «Жағалау-4» ауданына соғатын болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жаңа сызба бойынша қоғамдық көлік осы сенбіден бастап жүретін болады.

«Мұндай жаңашылдықты енгізуміздің басты мақсаты – Е-10 көшесінің тұрғындарын («Құлагер», «Шығыс», «Сity lake», «Аққу», «Green Park», «Зеленый квартал», BI City Seoul», «Smart city» тұрғын үй кешендері), сондай-ақ «Жағалау-4» ТК көліктік қызметпен қамтамасыз етуді оңтайландыру», - делінген «Astana LRT» ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қоғамдық көлік бастапқы «Хан шатыр» СОСО» аялдамасынан Тұран даңғылының бойымен жүріп, оңға бұрылып, Е-10 көшесіне өтеді. Е-10 көшесінің бойымен қозғалатын автобус бұдан кейін солға бұрылып, Ш. Айтматов көшесімен, содан соң солға бұрылып, Е-16 көшесімен «Жағалау-4» ТК дейін жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік айналып, Тұран даңғылы мен Е-10 көшесінің қиылысына дейін жоғарыда көрсетілген қозғалыс сызбасына, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.  

Кері бағытта автобус бастапқы ««Дәурен» балабақшасы» аялдамасынан соңғы ««Хан шатыр» СОСО» аялдамасына дейін өзгеріссіз қозғалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы