Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясына (ЦАХАЛ) Ливандағы «Хезболла» қозғалысының нысандарына жойқын соққылар жасауды бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Израиль премьерінің кеңсесі мәлімдеді.
Үкімет басшысы Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясына Ливандағы “Хезболла” нысандарына қуатты соққылар жасауды тапсырды, – делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін, 8 сәуір күні Израиль қорғаныс армиясы Ливан аумағына ең ауқымды соққылардың бірін жасаған болатын. Израиль әскери өкілдерінің айтуынша, бұл шабуыл нақты барлау деректеріне сүйене отырып жүзеге асырылған және бірнеше апта бойы мұқият жоспарланған.