Неміс кәсіпкерлері машина жасау саласына қызығушылық танытып отыр

17 Қазан 2023, 09:28
597
Бөлісу:
Неміс кәсіпкерлері машина жасау саласына қызығушылық танытып отыр
Фото: Көлік министрлігі

Неміс кәсіпкерлері отандық машина жасау саласына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Германияның бизнес өкілдерімен кездесу өткізді

Келіссөздер барысында вице-министр Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісіп, сөз кезегінде Германиядан келген делегацияның өкілдері көлік саласындағы, атап айтқанда, теміржол көлігі, машина жасау және логистика саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік қатынастарды дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, Федералды экономика және климатты қорғау министрлігінің бастамасымен неміс компаниялары ұйымдастыратын «Теміржол техникасы және теміржол көлігі саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығының әлеуетті мүмкіндіктері» тақырыбында конференция өткізу мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы