Неліктен елордада қар тазалау жұмыстары кешеуілдеп жатыр? Көлгінов жауап берді

3 Желтоқсан 2021, 15:35
999
Бөлісу:
Неліктен елордада қар тазалау жұмыстары кешеуілдеп жатыр? Көлгінов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Ол сөз басында елорда ауа райының ерекше құбылмалдығын атап өтті.

Қараша айының соңында қар көптеп жауды. Қазгидроменттің мәлімдеуі бойынша 53 мм қар жауған. Ал айлық норма 28 мм, осыдан қарап есептей беріңіз. Біздің техникамыз бар. Екі жылдың ішінде 200-ден астам арнайы коммуналдық техниканы алдық. Бірақ ол да жеткіліксіз. Ал қарды шығаратын техникаларды жеке азаматтардан арендаға аламыз, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар әкім қар тазалықшыларының жұмысын бағалауымыз керек екенін айтты.

Қар көптеп жауған кезде біздің бірінші міндетіміз – негізгі магистральды көшелерді тазалау. Сондай-ақ қоғамдық көлік жүретін жердің қарын тазалау. Азаматтардың жұмысқа баратын әлеуметтік нысандарына тазалық жүргізу. Қазіргі таңда осы істер атқарылып жатыр, - деп атап өтті А. Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы