"Неге ұрсып, жекіп сөйлейсіз?". Досаев халықпен кездесуде неліктен эмоцияға берілетінін айтты

21 Желтоқсан 2023, 13:43
9604
Бөлісу:
"Неге ұрсып, жекіп сөйлейсіз?". Досаев халықпен кездесуде неліктен эмоцияға берілетінін айтты
Фото: ОКҚ

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде ұрыспай сөйлесіп жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Сіздің халықпен кездескен кездегі әрекетіңіз әлеуметтік желіде жиі сыналады. Сұрақ қоюға келген халыққа жекіп, ұрсып тастайтын кездеріңіз болады. Президент Тоқаевтың өзі халық алдында өктем сөйлемейді. Бұл мемлекеттік қызметшісіне тән қасиет пе?" деп сұрақ қойды журналист.

Ондай сұрақ өткен жылдан бастап көтеріліп жатыр. Алғашқы кездесулерде халықпен жиналғанда эмоциялар көп болған еді. Кездесу 5-6 сағат өтетін. Кейін өз жағымнан халыққа... Ютуб-та бәрі бар ғой содан кіммен ұрсып жатырмын ба, жоқ па қарап шығыңыздар. Халықты сыйлап, сұрақтарына жауап бердім, - деді Досаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол журналистің "бұрынғы қателігіңізді мойындайсыз ба?" деген сұрағына жауап берді.

Біз де тірі адамбыз. Былай қарасақ, халықты және қала тұрғындарын сыйлаймын. Одан бөлек қалада жүремін, ресми кездесулерім бар. Бәріміз өзгереміз ғой... Сондықтан ескі ақпаратты айтып отырған сияқтысыз. Қателіктер әр адамда бар, менде де бар, - деді Алматы әкімі.

Бұған дейін қала әкімі өзінің "Премьер-министр болуы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы