Неге ресейліктерді жарылқап жатырсыздар? – министрлер жауабы

27 Қыркүйек 2022, 12:59
3781
Бөлісу:
Неге ресейліктерді жарылқап жатырсыздар? – министрлер жауабы

Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізге көшіп келіп жатқан ресейліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Серік Жұманғаринге «Үкімет неге ресейліктерді жарылқап жатыр?» деген сұрақ қойылды, 

Вице-премьердің айтуынша, көшіп келуші азаматтар тек біздің елге емес, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне де көптеп баруда.

Бұл мәселе жақсы ма, жаман ба – біржақты айту қиын. Мен Өзбекстанда болған кезде ол жаққа да көп адам көшіп барғанын көрдім. Ол жақта да сезіледі. Адамдардың бәрі жайдан жай солай көшіп жүрген жоқ. Осы жағдай Қырғызстанда, Грузияда, Арменияда да бар. Сол себепті біздің азаматтардың өмірі қиындап кетпес үшін біз тепе-теңдікті бақылап отырамыз, - деп жауап берді министр.

Серік Жұманғариннің атап өтуінше, келіп жатқандардың көбі транзит арқылы басқа елге кетеді.

 Жағдайды бақылауға алып, дүрбелең туғызбау керек. Азық-түлік бағасының қымбаттауын әзірге тіркеп жатқан жоқпыз. Мониторинг жүргізіп жатырмыз, - деді Жұманғарин.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бәрі заң аясында екенін, ел шекарасынан өткен ресейліктердің тіркеусіз 90 күн жүре алатынын атап өтті. 

 Шекараға көшіп келіп жатқандарға сол өңірдегі халық көмектесіп жатыр. Біздің шекарамыз – ашық. Халықаралық шарттарды негізгі ала отырып, ұстанымыз ашық екені белгілі. Бірақ біз бекітілген заңнама аясын жұмыс істеп жатырмыз. Елімізге көшіп келушілердің 90 күн ел аумағында болуға құқығы бар, – деп жауап берді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы