Төменгі қабат тұрғындары неге лифт үшін ақы төлейді?

28 Қаңтар 2020, 14:37
2327
Бөлісу:
Төменгі қабат тұрғындары неге лифт үшін ақы төлейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы тұрғын-үйлердің бірінші және екінші қабаттарының тұрғындары лифт үшін ақы төлеуге мәжбүр болады. Заңға сәйкес бұл міндеттеледі. 

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев айтып берді. 

Олар үйге иелік ететіндіктен төлейді. Бөліп жару мүмкін емес. Мәселен, қасбетті бірінші қабаттан бөлейік немесе шатыр соңғы қабаттың мәселесі деп айта алмаймыз. Заңнамада лифттер, баспалдақтар, қасбеттер, шатырлар –мұның бәрі ортақ меншік екендігі нақты бекітілген. Сондықтан, сізде бар квадратураға байланысты тұрғанға осы мүлікті күту бойынша жауапкершілік жүктеледі, - деді Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде. 

Оның айтуынша, бірінші қабаттарда негізінен коммерциялық құрылымдар орналасқан – атап айтсақ, дүкендер, салондар, дәмханалар және басқа да нысандар. 

Біз оларды осы үйдің барлық тұрғындары сияқты кондоминиум қатысушылары деп бекіттік. Ал, жалға алушылардың шешімімен олар қосымша төлемдер енгізуге құқылы. Яғни, егер сіз бір шаршы метріне 20 немесе 30 теңгеден төлесеңіз, онда тұрғындардың шешімімен кәсіпкерлер, яғни жеке бизнесін ашқан азаматтар төлемдер көлемін екі есеге дейін арттыра алады, - деп түсіндіріп берді вице-министр. 

Айта кетейік, осы ережелер әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасында көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы