Неге қарбызды көп мөлшерде жеуге бомайды?

3 Тамыз 2021, 22:38
5414
Бөлісу:
Неге қарбызды көп мөлшерде жеуге бомайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетологтар қарбызды артық жеу қауіпті екенін ескертеді. Бұл туралы URA.RU хабарлады.

Егер адамда қант диабеті, семіздік болса, онда қарбызды шамадан тыс артық жеп қойса, бірден бірнеше қауіп тудырады. Организмдегі қант мөлшері жоғарылап кетеді және артық су органдарға салмақ түсіреді, - деді Медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург.

Дәрігер Наталья Круглованың айтуынша, қарбызды шамадан тыс жеу асқынуды тудыруы мүмкін.

Қандағы қант нормадан жоғары болады. Әрине, ең жаманы гипогликемиялық кома, бірақ ондай жағдайға жету үшін біраз қарбыз жеу керек, - деді Круглова.

Өз кезегінде Гинсбург қарбызды негізгі тамақтан кейін десерт ретінде пайдалануға кеңес берді.

Круглова күніне 200-300 грамм қарбыз жеу керек дейді, яғни күніне екі тілім қарбыз жеген дұрыс екен.

Сонымен қатар Халықаралық қарбыз күні 3 тамызда атап өтіледі.

Өзгелердің жаңалығы