Неге антибиотиктер бактерияларға қарсы тұра алмай жатыр?

7 Желтоқсан 2020, 18:39
2653
Бөлісу:
Неге антибиотиктер бактерияларға қарсы тұра алмай жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустан көз жұмған науқастардың көпшілігі COVID-19-дан емес, ауруханада жұқтырылған суперинфекциядан қайтыс болуда, деп мәлімдеді ресейлік микробиолог Константин Северинов.

Коронавирустан көз жұмған науқастардың көпшілігі COVID-19-дан емес, ауруханада жұқтырылған суперинфекциядан қайтыс болуда. Оның емі жоқ, «COVID-19 ауырған науқастардың бір ерекшелігі - олардың денесінде өте қауіпті суперфектті бактериялардың тез қалыптасуында. Сонымен қатар бұл дәрілерге тұрақтылығы жоғары, емдеу мүмкіндіктері шектеулі штамдар. Біз оларды жиі анықтап жатырмыз, – дейді ресейлік микробиолог Константин Северинов.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан ақпаратқа сәйкес, суперинфекцияның табиғаты вирустық емес, бактериялық. Бұл - ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алу аппаратында болған адамдарда пайда болатын инфекциялар. Олардың қоздырғышы – көк іріңді таяқша. COVID-19 жағдайында бұл, әсіресе, айқын көрінеді. Науқас адамдарға тыныс алу қоспасы беріледі, бұл іс жүзінде өкпені жасанды желдету болып табылады. Егер аурухананың өзіндік патогендік микрофлорасы болса, демек ол тыныс алу жолдарына да енеді. Сонымен қатар жасанды желдеткіште жатқан адамдар үнемі антибиотиктер қабылдайды. 

Жаппай, әсіресе, эпидемияның алғашқы кезеңдерінде COVID-19-ды емдейтін «қызыл аймақта» тұрақты микробтардың үлесі артқан. Сондай-ақ ауруханалардан тыс жерлерде де тұрақты микробтар жиі кездесуде.

Өзгелердің жаңалығы