Назарбай Саттархан семсерлесуден қола жүлдегер атанды

25 Сәуір 2021, 18:08
1930
Бөлісу:
Назарбай Саттархан семсерлесуден қола жүлдегер атанды

Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден Азия құрлықтық іріктеу турнирі басталды.  

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан сапынан Назарбай Саттархан бақ сынады. 

Назарбай Саттархан семсерлесуден қола жүлдегер атанды

Ерлер арасында өткен бәсекеде ол үшінші орынға ие болды.

Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінде жеңімпаз атанған спортшыларға Токио Олимпиадасына жолдама беріледі. 

Осылайша Назарбай Саттархан Олимпиада жолдамасынан тыс қалды.


Өзгелердің жаңалығы