Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне жасалған операция сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті аяқталды. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол бақылауда. Операция Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында атақты кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен өтті, - деді Айдос Үкібай.