Назарбаев: Партияның міндеті – халықты бөлу емес, біріктіру

23 Қараша 2021, 18:49
865
Бөлісу:
Назарбаев: Партияның міндеті – халықты бөлу емес, біріктіру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.

Елбасының отырыстағы сөзі партияның ресми сайтында жарияланды.

Қоғамдық көзқарастар мен құндылықтардың радикалдануы саяси алауыздықты күшейтеді. Жаңа шындық қоғамдардың, мемлекеттердің және өңірлердің әлеуметтік стратификациясын тереңдетеді. Ашық популизм дүниені жаулап алуда, адамдардың дүниетанымы мен мінез-құлқын өзгертуде, дәстүрлі негіздер мен отбасылық құндылықтарға қысым жасауда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, жаһандық тұрақсыздық бір-екі жылға созылмайды.

Сол себепті партияның өткен парламенттік сайлауда алға қойған «Сынақтарды еңсеріп, біз бірге жеңеміз!» деген ұраны «Nur Otan»-ның өзектілігін сақтап отыр. Тағы да атап көрсеткім келеді, біз азаматтардың ең кең топтарының мүдделеріне барынша сүйенетін центристік ұстанымдарды ұстануымыз керек. Партияның міндеті – халықты бөлу емес, біріктіру, - деп айтты Тұңғыш Президент.
Өзгелердің жаңалығы