Назарбаев Мәсімов ісі бойынша: Біз Құдай емеспіз

20 Қараша 2022, 12:00
1013
Бөлісу:
Назарбаев Мәсімов ісі бойынша: Біз Құдай емеспіз

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен де тергеу мен соттың аяқталуын күтудемін. Мұның себебі неде және оның артында кім тұр, ол маған да белгісіз. Өте қиын. Мәсімов менімен көп жылдар бойы бірге жұмыс істеді, бірақ қайдан білеміз, Иса Мәсіх жақын жерде отырған Яһуданы білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан бәріміз соттың аяқталуын күтеміз және шындықты білеміз деп ойлаймын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-тармағымен, мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ал 18 қарашада қамауға алынған Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталған болатын. Орталық Азия бақылаушылары Мәсімовке қатысты «сотқа» бақылау жасауда.

Өзгелердің жаңалығы