«Найзағай, тұман, жел»: еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

24 Сәуір 2023, 10:21
1106
Бөлісу:
«Найзағай, тұман, жел»: еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды
Фото: aikyn.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескертуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кей аймақтарда күшті жел соғып, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы