Найзағай, өрт қаупі. 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

8 Мамыр 2023, 10:24
1240
Бөлісу:
Найзағай, өрт қаупі. 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: twitter.com

Қазгидромет 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысы

8 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы

8 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда 8 мамырда найзағай болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 18 метр болады.

Абай облысы

7 мамыр сағат 21:00-ден 8 мамыр сағат 21:00-ге дейін Семейде күтілетін қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.

Қызылорда облысы

8 мамырда Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіліп отыр.

Түркістан облысы

8 мамырда түстен кейін Түркістан облысының тауларында найзағай болады. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың тау асуларында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысы

8 мамырда таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысы

8 мамырда Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысы

8-9 мамырда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жететін солтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі. 8 мамырда түстен кейін Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, секундына екпіні - 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысы

8 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде оңтүстікте, күндіз оңтүстікте, шығыста секундына екпіні 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысы

8 мамырда Ақтөбе облысында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

8 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр. Петропавлда 8 мамырда түстен кейін солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр.

Өзгелердің жаңалығы