Наурызбай қажы: Рамазан - тәрбие мен тағылым айы

20 Наурыз 2023, 13:01
933
Бөлісу:
Наурызбай қажы: Рамазан - тәрбие мен тағылым айы
Фото: автордан

Рамазан айында елімізде ауқымды қайырымдылық іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Қасиетті Рамазан айы биыл наурыздың 22-нен 23-не қараған түні болып белгіленді. Пітір садақасы жан басына 535 теңге. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған күні – қасиетті Қадір түні болса, 21 сәуір - Ораза айт мерекесі.

Қасиетті Рамазан айы сауап жасау, рухани тұрғыдан өз-өзіңді жаңартуға мүмкіндік айы.

Биыл Қасиетті айда «Зекет және қайырымдылық» қоры бірнеше қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәберік» шаралары өтеді.

Сондай-ақ Наурызбай қажы барша қазақстандықтарға өз тілегі мен үндеуін жеткізді.

Осы сәтті пайдаланып, барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегімді жеткіземін. Алла Тағала Рамазанның құрметі үшін жасаған жақсы ісіміздің себебімен баршамызды жақсылыққа кенелткей, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Рамазан айына байланысты не болмаса қандай да бір діни сауалдар туындаса діни ақпарат беру орталығы сұрақтарға жауап беруге дайын. Тұрғындардың сауалдарына жауап беретін орталықтың нөміріне 8 707 233-30-30 ұялы байланыс арқылы хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы