Наурыз мейрамы енді жаңа форматта өтеді

13 Наурыз 2024, 14:46
1072
Бөлісу:
Наурыз мейрамы енді жаңа форматта өтеді

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Наурыз мейрамы жаңа форматта өткізіледі.

Наурыз мейрамының мән-мағынасын кеңейтіп, мазмұнын байытып жыл сайын 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аталып өтеді. Наурыздың логотипі белгіленіп, барлық аймақтарға жолданды. Тарихи тұрғыдан алғанда Наурыз мерекесін тойлау 8-9 күнге жалғасып оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер біздің философ-жазушыларымыз Махмұт Қашқари, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде көрсетіліп жазылған,-деді Сәбит Барлыбаев.

Өзгелердің жаңалығы