Науқаспен бірге ұшып келген жолаушылар іздестірілуде

13 Наурыз 2020, 20:23
1820
Бөлісу:
Науқаспен бірге ұшып келген жолаушылар іздестірілуде

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырған адаммен бірге 9 күні 68 адам ұшып келген, олардың 40-ы табылды, қалғандары іздестірілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг кезінде айтты.


Оның айтуынша, 9 наурыз күні коронавирус жұқтырған адаммен бірге 68 адам ұшып келген. Бүгін қысқа мерзім ішінде 40 адам табылған, олардың бәрі медицина қызметкерлерінің бақылауында. 
Олардың 4-уі басқа мемлекетке ұшып кеткен, қалғандарын тауып ертең карантинге жатқызамыз деп отырмыз. Ал, кеше ұшып келген науқаспен 9 жолаушы және 3 экипаж мүшесі ұшып келген. Олардың бәрі жұқпалы аурулар емханасына жатқызылды, - деді ол.

Сонымен қатар, ол ел азаматтарына ЖРВИ мен тұмау белгілері пайда болса жергілікті емханаларға жүгінгулерін өтінді. 
Бұл кезде медицина қызметкерлері үйге келіп тексереді. Өзге елден келген азаматтардың барлығы бұл жағдайға түсіністікпен қарап, карантин тәртіптерін сақтауы қажет. Сондай-ақ азаматтардан қауіпті індетке қатысты расталмаған мәліметтерді таратып, елді дүрліктірмеуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқандар әкімшілік жауапқа тартылады, - деді басқарма басшысы. 

Т.Әбілдаев сондай-ақ қазіргі уақытта 466 адам қарантинде жатқанын, олардың ауру анықталған 2 адамға еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Бұлар қауіпті аймақтан келген 1а санатынағы адамдар, негізінен ҚХР, Оңтүстік Корея, Ираннан келген Қазақстан азаматтары. 

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау Департамент басшысының орынбасары Әсел Халықова коронавирусқа қарсы тест Алматы қаласындағы 3 зертханада жасалатынын айтты. 
Тесттің нәтижесін 3-4 сағаттың ішінде шығарып береді. Қала әкімдігінің бастамасымен жедел штаб құрылды. Ол бойынша қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда. Оның ішінде кинотеатрлардың, сауда орындарының және қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын шектеу жағы қарастырылған. Яғни адамдардың көп жиналуын сейілтуге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы