Нашар вагондарды жазғы уақытта қолданбай жүрміз – Көлік министрі

9 Шілде 2024, 12:58
278
Бөлісу:
Нашар вагондарды жазғы уақытта қолданбай жүрміз – Көлік министрі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкіметте өткен брифингте пойыз вагондары қашан жаңартылатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтырдан бастап жаңа вагондар ала бастадық. Соның ішінде былтыр 113 вагон, биыл 140 вагон аламыз, келесі жылы 260-тай вагон аламыз. Жалпы жоспарымыз - 5 жылда шамамен 1200 вагонға жеткізу. Нәтижесінде билет тапшылығы және басқасы түбегейлі шешіледі, - деді Марат Қарабаев.

Министрліктің есебі бойынша, 2026 жылға қарай қажеттілік толық қамтамасыз етілмек.

Мәселе кезінде уақытында тиісті вагондарды алмағандарында. Яғни ескі вагондардан істен шықты, ал жаңа вагондар жетпей жатыр. Қазір өзіміздегі 2500 вагонның шамамен 30 пайызы ескі вагондар. Оларда кондиционері жоқ, жазғы уақытта қиын. Оларды алып тастауға болады. Бірақ бізде билет тапшылығы одан да көп болады. Қолымыздағы бар вагондар осындай. Олардың тіпті нашарын жазғы уақытта қолданбай жүрміз. Өйткені ішінде өте қиын. Қысқы немесе күн жақсы уақытта оларды қолданып жүрміз, - деп түсіндірді Марат Қарабаев брифингте.

Ведомсвто басшысы соңғы рет қашан пойызға мінгенін айтты.

Соңғы рет былтыр желтоқсанда Петропавл қаласына бардым. Бір станция емес, қалаға жеткенде пойызбен бардық. Іші жылы болды. Мен мінген купеде бір Қазақстан азаматы, және Ресейдің екі азаматы болды, - деп қоса кетті Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы