NASA Марсты зерттейтін жаңа аппаратты көрсетті

31 Желтоқсан 2019, 07:14
2923
Бөлісу:
NASA Марсты зерттейтін жаңа аппаратты көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Марстағы өмірді зерттейтін жаңа апаратты көрсетті, деп хабарлайды 24.kz.

Ол қызыл ғаламшарға келесі жылдың шілде айында аттандырылмақ. Аппарат Марстағы тіршілік іздерін зерттеумен бірге келесі экспедицияға қажетті үлгілерді жинайтын болады. Ол сапар адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ал жаңа аппаратқа әлі ат беріле қоймаған. Ол өз атауын келесі жылдың бас кезінде алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қызыл ғаламшарды зерттеуге "Соджорнер", "Спирит", "Оппортьюнити" және "Кьюриосити" аппраттары аттандырылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы