Нәрестелер өлімінің көбеюіне УДЗ мамандарының жеткіліксіздігі себеп болып отыр – Ажар Ғиният

1 Маусым 2022, 12:38
1120
Бөлісу:
Нәрестелер өлімінің көбеюіне УДЗ мамандарының жеткіліксіздігі себеп болып отыр – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, елімізде ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жеткіліксіздігі мен біліктілігінің төмендігі нәрестелердің өлім-жітіміне басты себептердің бірі болып отыр. 

Туа біткен ақаулардан болатын өлім-жітім нәрестелер өлімінің себептері құрылымында екінші орында және төмендеу үрдісі жоқ. Бұл ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жетіспеушілігі мен біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 15, Алматы облысында – 13, Ақмола облысында – 11 маман жетіспейді. Республика бойынша пренаталдық скринингке арналған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жарақтандырылуы 67%-ды құрайды, ең төмен жарақтандырылуы Түркістан (қажеттілік 28), Алматы (26), Батыс Қазақстан (14), Қарағанды (10) облыстарында, - деді министр. 

Белгілі болғандай, министрлік жағдайды жақсарту үшін бірнеше іс-шараны қолға алған. 

Министрлік пренаталдық скринингті жүргізудің жаңа қағидаларын бекітті. Пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін өткізу стандартын әзірледі. Жыл басынан бастап, ультрадыбыстық зерттеу диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маманды оқытты. Биыл жоғары эксперт-класының 50-ден астам ультрадыбыстық зерттеу аппараты сатып алынады.  Аталған іс-шаралар пренаталдық скринингті жүргізудің бірыңғай тәртібі мен алгоритмін қалыптастыруға; заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппараттармен жарақтандырылуды арттыруға; ұрықтың даму ақауларын 80%-ға дейін анықтауды жақсартуға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы