Намазда «әмин» сөзін дауыстап айтқан азамат айыппұл төледі

1 Сәуір 2021, 05:23
7320
Бөлісу:
Намазда «әмин» сөзін дауыстап айтқан азамат айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы «Абдолла Хазірет» мешітінде таң намазы кезінде 3 бірдей азамат «Әмин» сөзін дауыстап айтқан. 

Мешіт имамының намаз кезінде «аумин» сөзін қатты айтуға болмайтындығы туралы ескертпесіне қарамастан, Ақтөбе қаласының жас тұрғындары мұндай қадамға барған, деп жазады aikyn.kz. Бұл жөнінде мешіт имамы полицияға хабарлама түсірген.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 490-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар аталған үш азамат Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының «деструктивті діни ағым жақтаушысы» ретінде тізімдік есепте тұрғаны белгілі болды.

Осыған ұқсас оқиға Индер ауданында орналасқан «Әйіп-Қажы» мешітінде де болған. Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны кешкі намаз уақытында «Әмин» сөзін дауыстап айтқан.

Аталған құқық бұзушылыққа қатысты ҚР ӘҚБтК 490-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 102095 теңге көлемінде айыппұл салынды. Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасына сәйкес, мешітке келушілер оның талаптары мен ережелерін сақтауға міндетті екендігін ескертеді.

Қазіргі таңда Атырауда мешітте тәртіп бұзғандарға 408 мың 380 теңге айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы