Надежда Петухова: Вакцинацияны жете түсінбесек, ұмыт болған инфекциялар қайта шығады

16 Маусым 2020, 17:31
1535
Бөлісу:
Надежда Петухова: Вакцинацияны жете түсінбесек, ұмыт болған инфекциялар қайта шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың төрайымы Надежда Петухова осылай деді. 

Ол бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен "Міндетті екпе: қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты онлайн кездесу барысында айтты.

Қазіргі екпенің сапасы төмен емес. Себебі, олар тыңғылықты зерттеуден өткізіледі. Кейбір ата-аналар дәрігерлердің пациентке, вакцинацияға қатысты түрлі көзқараста екенін айып отырған шығар. Екпеге қарсы бірқатар дәрігер тобының пайда болғанын да білдік. Олар аутизм жайында, екпеден кейінгі асқынуларға қатысты пікір білдіре бастады. Осы тұрғыда, вакцинация сіздің балаңыздың ғана емес, тұтас қоғамның қорғаушысы екенін айтқым келеді, - деді ол. 

Надежда Петухова вакцинация маңызын жете түсінбесек, ұмытылып кеткен инфекциялардың қайта шығу қаупі туындайтынын ескертті.

Қазіргі уақытта коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды көріп отырмыз. Егер біз қазір вакцинация маңызын жете түсіне алмасақ, онда вакцинация салынбаған, белгілі бір аурулардан қорғалмаған балалар көп болған сайын ұмытылып кеткен инфекциялардың қайта шығу қаупі туындайды. Қазақстан 2002 жылдан бері полиомелиттен азат аймақ сертификатын алған. Осындай маңызды нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Себебі полиомелит – бұл өмір бойы мүгедек болып қалуға жетелейтін ауру. 2002 жылдан бері біздің елде осынау күрделі ауру тіркелген жоқ, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы