Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Президенттің Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы онлайн брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Жеткіліктілік шегі» деген не? Ол қалай есептеледі? деген сұрақтарға жауап берді.
«Жеткіліктілік шегі» деген – ол зейнетақы қорындағы қажетті ең төменгі сома. Оның есебі азаматтың өзінің жасына белгіленеді. Ол азамат зейнет жасына дейін тұрақты түрде жарналарды кемінде ең төменгі жалақыдан аударып отырған жағдайда зейнетке шыққаннан кейін кемінде 82 жасқа дейін ең төменгі зейнетақы мөлшерінде алуға мүмкіндік беретін қаражаттың көлемі. Сол қаражат бар болса, одан асқанын азамат ала алады, - деді Нұрымбетов.«Жеткіліктілік шегінің» негізгі параметрлері:
- әйелдер мен ерлер үшін бірдей көрсеткішті белгіледік;
- қалыптасқан параметрлерге (кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері және т. б.) сүйене отырып, жаңа алушылар үшін қайта есептелетін болады;
- 20 жастан бастап әр жас үшін есептеледі.
Алдын ала есептеулер бойынша, мысалы, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мың теңгені алдын ала есептеулер бойынша құрап отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы 30 жастан асқан ер азаматқа 6 млн 700 мың, әйелдерге 9 млн 600 мың теңге деп айтқан болатынбыз. Сондықтан біз мұны қайта қарап, 2 млн 518 мың теңге дейін әйелдерге де, ерлерге де «жеткілікті шегін» 3 есеге төмендеттік, - деді ол.
Жас мөлшері бойынша:
- 35 жас үшін – 2 млн 961 мың теңге;
- 40 жас үшін – 3 млн 437 мың теңге;
- 45 жас үшін – 3 млн 947 мың теңге;
- 50 жас үшін – 4 млн 495 мың теңге;
- 55 жас үшін – 5 млн 084 мың теңге;
- 59 және одан үлкен жас үшін – 5 млн 586 мың теңге.
Бұлар жинақталған соманың «жеткіліктілік шегі». Осыдан асқан соманы еркін пайдалана алады. Осы «шекті» сомаларға қол жеткізу табысы ел бойынша орташа айлық жалақы деңгейінде болатын тұрақты жұмыс істейтін азаматтар үшін қолжетімді. Сондай-ақ бұл азаматтарды табысты ашып, жарналарды толық аударуға да ынталандырады деп сенеміз, – деп айтты министр.
Оқи отырыңыз: