Нұрсұлтан Назарбаев Байбекті қабылдады

11 Қыркүйек 2019, 18:13
1435
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Байбекті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. 

Сонымен қатар, Елбасына «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. 

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндады. 

Кездесу соңында партия төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы