Нұр-Сұлтанда кезекті онлайн жарыс жеңімпаздары анықталды

28 Қыркүйек 2020, 14:54
1277
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда кезекті онлайн жарыс жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен осымен екінші рет өткен жүгіру және веложүгіруден онлайн жарысқа 200-ден аса елорда тұрғыны қатысты. 

Қыркүйек айының 15-25 аралығында жарыс қатысушылары өздері қалаған саябақта бақтарын сынап, «Strava» қосымшасы арқылы нәтижелерімен бөлісті. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар карантин талаптарын сақтау үшін қатысушылардың әрқайсысына жекелей уақыт белгілеп, марапаттау рәсімін ашық аспан астында өткізді, - делінген ақпаратта.

Марапаттау рәсіміне Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова және әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цирюльников қатысты.   

Өзгелердің жаңалығы