Нұр-Сұлтанда K-POP концерт өтіп жатыр

20 Желтоқсан 2019, 19:50
3936
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда K-POP концерт өтіп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәл қазір Назарбаев университетінің концерт залында кореялық  K-POP топтардың концерті өтіп жатыр.

Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик сөзін қазақша амандасудан бастап, көрермендерге келгеніүшін алғыс білдірді.
Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі шараны Корей мәдениет орталығы ұйымдастырып отыр. Осы жылы орталық өте көп шара өткізді. Барлық шара  көрермендерсіз қызық емес. Сіздердің тараптан қолдау көрдік. Сол үшін айрықша алғыс айтамын. Бүгін сіздер үшін екі топ өнер көрсетеді. Ұлдардан құралған "MustB" және GeeGu қыздардан құралған  топтар өнер көрсетеді. Осы жылдың соңын осындай көңілді концертпен аяқтап жатқанымыз да қуантады", - дипломат.
кьюпоп1.jpeg

Қазақстандық жастардың арасында  K-POP бағытына қызығатындар көп болғандықтан, залда бос орын жоқ және жастар әншілермен бірге қосылып ән орындап жатыр.


Өзгелердің жаңалығы