Нұр-Сұлтанда дератизация жұмыстары жүргізілуде

24 Қыркүйек 2020, 05:50
1046
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда дератизация жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта ашық учаскелерді өңдеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда дератизация жұмысы 15 қыркүйекте басталды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлағандай, қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары ашық жерлерде - Есіл өзенінің жайылмасында, Ақбұлақ, Сарыбұлақ арналарында, зираттар аумағында, су қоймаларында, сондай-ақ жаңа Нұрлы-Жол каналы аймағында және басқа жерлерде жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтерінің сапасын мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері мен биологтар арасынан жұмыстың ғылыми нәтижесін бақылау үшін жедел штаб құрылды. Күзгі тур жұмысын өткізу кестесі бекітілді, - дейді мамандар.
1-26 қазан аралығында дератизациялық жұмыстарды жабық станцияларда - жеке секторда, тұрғын аудандарда, балалар үйлерінде бастау жоспарлануда. Іс-шаралар үш кезеңді қамтиды. Жеке үйлердің тұрғындарына кеміргіштермен күресу үшін жем түрінде тегін улы химикаттар беріледі.
Осыған байланысты тұрғындардан улы химикаттарды қолдану кезінде қырағылық танытып, оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарап, жұмысқа кедергі келтірмеуді өтінеміз, - делінген хабарламада.
Бірінші тур 1-14 қазан аралығында, екінші тур 18-22 қазан аралығында өтеді. Үшінші тур 2020 жылдың 23-26 қазан аралығында өткізіледі.

Сонымен бірге мамандар дератизация жұмыстарының мерзімдері ауа райы нашарлаған жағдайда өзгертілуі мүмкін екенін атап өтті. Шаралар келесі қолайлы күндерге ауыстырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы