Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин қатаңдатыла ма?

8 Маусым 2020, 19:47
1568
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин қатаңдатыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин шараларын қатаңдату мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Вирус жұқтыру жағдайларының өсуі карантинді жеңілдету немесе қатаңдату шаралары қарастырылатын жалғыз ғана эпидемиологиялық фактор емес. Егер Алматы облысы туралы айтар болсақ, бір апта ішінде 7%-дан астам өсім байқалды, сондықтан карантин шараларын қатаңдату жұмыстары жүргізілді. Нұр-сұлтан мен Алматыға келетін болсақ, бір апта ішіндегі барлық жағдайдың 30%-ы осы қалаларға тиесілі. Өсім көлемі 7%-дан аз болғанымен, біз мониторингтік топтың жұмысынан төтенше жағдай режимінен кейін жұмысын қайта бастаған барлық нысанның шамамен 53%-ы қаулыда бекітілген талаптар мен алгоритмдерді сақтамайтынын байқаймыз, - деді ол. 

Айжан Есмағамбетова карантинді қатайту немесе жеңілдету үшін есепке алынатын кейбір аспектілерге тоқталды.
Карантин шараларын қатаңдату немесе жеңілдету туралы шешім қабылданған кезде тек өсім ғана емес, сонымен қатар, жұқтырғандар саны, халықтың профилактика шараларын сақтауы, маска тағып, дистанция сақтауы да есепке алынады. Нысандарға қойылатын 40-қа жуық алгоритм бар. Егер барлығымыз қатаң карантинге қайтып келмеу үшін – біреу жұмыста, біреу үйде, біреу жұмыс беруші ретінде, біреу қызметкер ретінде әрқайсымыз санитарлық шараларды сақтайтын болсақ, баланс ұстасақ, бұл карантинді қатаңдату шараларын болдырмауға мүмкіндік береді, - деді ол. 



Өзгелердің жаңалығы