Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды

5 Маусым 2023, 17:30
1831
Бөлісу:
Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды
PHOTO
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Каир опера театрында Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндеріне арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Каирдің басты сахнасында отандық артистер, соның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Олар Алмасбек Алматов, Батыржан Мықтыбаев, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «Астана Опера» солистері, «Алашұлы», «Сұлу» топтары және басқа да өнерпаздар болды. Артистер эстрадалық, халық әндері мен классикалық шығармаларды орындады. Оларға дирижер Абылай Тілепбергеннің басшылығымен Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі сүйемелдеді.

Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды

Концерт екі елдің Мемлекеттік Гимндерін орындаудан және Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың құттықтау сөзінен басталды.

Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды

Залда жергілікті көрермен көп болды. Гала-концерт көрермендері Мысырдың дәстүрлі әуендерінің попурриін ерекше жылы қабыл алып, зор қошемет білдірді.

Гала-концертпен қатар Каир опера театрында қазақ қолданбалы өнерінің көрмесі өтті. Ұлттық киімдегі артистер мен қолөнершілер қонақтардың назарына қолдан жасалған дәстүрлі  бұйымдарды ұсынды.

Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды

Гала - концерттен кейін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Мысырдың мәдениет министрі Невин Әл-Киланимен кездесу өткізді. Асхат Оралов әріптесіне мәдениет күндерін ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс айтып, Әл-Килани мырзаны және жергілікті артистерді Қазақстанға шақырды.

Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды

Мысырда Қазақстанның мәдениет күндеріне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өткенін атап өткім келеді. Каир тұрғындары мен қонақтары біздің артистеріміздің өнеріне тәнті болғанына сенімдімін. Әлемді қазақ мәдениеті мен өнерімен таныстыратын осындай іс-шаралар басқа елдерде де өтеді. Осылайша, мәдениет саласының қызметкерлері әлемдік сахналарда өз таланттарын көрсете алады. Министрлік бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Мысырда қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды
Өзгелердің жаңалығы