Мысырдан келген жолаушылардың 50%-дан астамының ПТР-анықтамалары болмаған

10 Желтоқсан 2020, 10:44
1507
Бөлісу:
 Мысырдан келген жолаушылардың 50%-дан астамының ПТР-анықтамалары болмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 133 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 964 адам, анықтамасыз 169 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 631 жолаушы, анықтамамен - 602, анықтамасыз - 29;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 397 жолаушы, анықтамамен - 258; анықтамасыз - 139;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 1;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 54 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, 115 жолаушы карантиндік стационарда тест сынамасының нәтижелерін күтуде.

Мысыр елінен Нұр-сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған.


Өзгелердің жаңалығы