Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында айтты.
Министр атап өткендей, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінің шамамен 77% үш ірі операторға тиесілі.Жер қойнауын пайдаланушылардың 2021 жылға арналған сатып алу жоспары 6,8 трлн теңгені көздейді. Ондағы жергілікті қамту үлесінің болжамды көрсеткіші 46,5%-ды құрайды.Тауарлар бойынша жергілікті қамтудың үлесі 19,5%, ал жұмыстар бойынша 51,3% болады деп күтілуде. Қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту 52,3% көрсеткішінде болжанады, - деді Мырзағалиев.
Оның айтуынша, жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қазір отандық тауар өндірушілер келесі тауарлармен толық қамтамасыз етеді.Олар «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және»Норт Каспиан Оперейтинг Н.В». Сатып алудың қалған 13% "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының және 10% басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың үлесінде, - деді ол.