Мыңнан астам жас сарбаз әскери ант берді

19 Маусым 2022, 13:13
1356
Бөлісу:
Мыңнан астам жас сарбаз әскери ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштердегі әскери бөлімдерде жас сарбаздар Отан алдында адал қызмет етуге ант берді. 

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде ант беру рәсімі олардың құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Жалпы әскери дайындық курсынан және ант қабылдағаннан кейін жас буындар елдің әуе шептерін қорғауға қажетті әскери-есептік мамандықтарды игеруге кіріседі.

Сондай-ақ, Ұлттық қорғаныс университетінің бірегей бөлімшелерінің бірі болып саналатын әскери-ғылыми взводының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері де Отанға адал болуға ант берді. Олардың негізгі міндеті – инженерлік-техникалық бейіндегі, ІТ-технологиялар мен киберқауіпсіздік бағыттары бойынша ғылыми жұмыс атқару. 

Әскери-ғылыми взводтың әскери қызметшілері өздерінің күнделікті қызметінде жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерін игеруден басқа Қарулы күштердің игілігі үшін ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және сынақ жұмыстарын орындауға тартылатын болады.

Еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орны – Ұлттық қорғаныс университетіне қызмет етуге келгенімді мақтан тұтамын және Отан алдындағы конституциялық парызымды лайықты орындау үшін бар күш-жігерімді саламын. Бұл үшін менің әскерге барар алдында алған ғылыми-техникалық бағыттағы тәжірибем мен білімім бар, – деді қатардағы жауынгер Артем Егоров. 

Салтанатты іс-шараларға Қарулы күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Ант қабылдағаннан кейін дәстүр бойынша бөлімше командирлері ата-аналарымен әңгімелесулер өткізді. Қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, оларды әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен таныстырды, казармалар, асханалар мен оқу сыныптарын көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы