Мың шақырым жолда төлем алу жүйесі орнатылады

23 Сәуір 2020, 18:14
1402
Бөлісу:
Мың шақырым жолда төлем алу жүйесі орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов онлайн брифинг барысында ақылы жолдарда төлем алу жүйесін енгізу және жол бойында қызмет көрсететін нысандар туралы айтты.

Бүгінгі таңда республикада ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы 4 жол учаскесі бар. Олар: "Нұр-Сұлтан-Шучье", "Нұр-Сұлтан-Теміртау", "Теміртау-Қорғас", "Алматы-Қапшағай" жолдары. 2020 жылдың 20 сəуіріндегі жағдайға сəйкес, ақылы жолдардан жиналған қаражат көлемі  1 103,6 млн  теңгені құрайды. Жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу мақсатында 2019 жылы инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша "Computer Vision Technologies" ЖШС басқаратын Консорциуммен мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату жəне оны күтіп ұстау жөніндегі келісімге қол қойылды. Жоба құны 138, 8 млрд теңгені құрайды, - деді комитет басшысы.
Сонымен бірге, жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарынан өткізілу мерзіміне орай 2024 жылға дейін ақылы болатындығын айтты. Бүгінгі таңда Инвестор жол учаскелерін зерттеп, бақылау аркаларын орнату орындарын белгіленген. Сондай-ақ, жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып кетті.
Бүгінгі таңда халықаралық жəне республикалық маңызы бар көлік жолдарының бойында қызмет көрсететін 1 815 нысан бар. Олардың  894-і  ұлттық стандарттың талаптарына сай. 2020 жылы облыстық əкімдіктермен бірлесіп, жол бойында қызмет көрсететін нысандардың жалпы санының  58% талапқа сəйкестендіру жоспарланған. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізілмек, - деді Сайранбек Бармақов.
Айта кеткен жөн, 2020 жылдың соңына дейін әQazAvtoJolә ҰК АҚ СГТ-тың  62 бірлігін орнатады деп жоспарлануда. Олардың  40-ы инвестициялық конкурстың аясында,  22-сі  автомобиль жолдарын қайта жаңарту аясында орнатылмақ. Сондай-ақ жол бойында қызмет көрсететін А санатындағы 17 нысанды жеке инвестициялар есебінен салу мақсатындағы мүдделерге сұраныс жарияланған.
Өзгелердің жаңалығы