Мыңнан астам павлодарлық «Еңбек» бағдарламасы бойынша колледждерде оқи бастайды

6 Тамыз 2019, 20:36
1402
Бөлісу:
Мыңнан астам павлодарлық «Еңбек» бағдарламасы бойынша колледждерде оқи бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында осы бағдарлама бойынша қысқа мерзімді курстарда оқуға 549,8 млн теңге, стипендияға тағы 150,3 млн теңге бөлінді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білімі бар 1035 қызметкерді оқыту жоспарланған.

«Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білімге оқытуды 2017 жылы қабылданған 191 адам аяқтады. Олардың 131-і немесе 68,6 пайызы жұмысқа орналастырылды», - деді Қайрат Нұрмағамбетов.

Облыс әкімі Болат Бақауов өз қарамағындағыларға осы адамдардың жұмыспен қамтылу пайызын бақылауды тапсырды.

«Бізге қанша адамды тұрақты жұмыспен қамти алғанымыз, олардың қаншасы зейнетақы қорына жарна аударатыны және қанша адам уақытша жұмыс орындарында отырғандығы, қанша адам құжатсыз бес мың теңгеге жұмыс істейтіні туралы нақты сараптама қажет. Біз жұмыстың сапасын бақылауымыз және көлеңкелі экономикаға қарсы тұруымыз керек», - деді Болат Бақауов.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік білімге 1349 адамды қысқа мерзімде оқыту жоспарланып, нәтижесінде 1361 адам бағытталғанын да атап өтті.

Айта кетейік, бұл статистика бойынша жақсы көрсеткіш облыс қалаларына тиесілі. Алайда, біз қалағандай жеткілікті адам оқымайтын немесе курстан кейін ауыл тұрғындары жұмыс таба алмайтын аудандар бар. Спикердің айтуынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру жоспары Ақулы ауданы мен Май ауданы тарапынан орындалған жоқ.

Сонымен қатар, басқарма басшысы қысқа мерзімді курстардан өткен адамдардың жұмыспен қамтылу пайызы бойынша әзірге мақтана алмады.

«Биыл 680 адам оқуын аяқтады. Оның 122-сі жұмысқа орналастырылды. Бүгінде жұмыспен қамтылу 17,9 пайызды құрайды. Бұл оқу аяқталуынан 10 күн өтпегеніне байланысты. Ал жұмысқа орналасу үшін медициналық тексеруден өтуге байланысты белгілі бір процедура қажет. Ол 10 күнге дейін созылады. Жұмыс берушілер де берілген өтінішті бір күнде қарамайды», - деп түсіндірді Қайрат Нұрмағамбетов.

Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың шілдесінде республикалық бюджеттік комиссия 54 мың қазақстандықтың қысқа мерзімді оқуына 7,9 млрд теңге және стипендия үшін 5,7 млрд теңге көлемінде қосымша шығындарға қаржы бөлген.

Оның ішінде Павлодар облысына оқытуға 549,8 миллион теңге және стипендияға 150,3 миллион теңге бөлінді. Бұл сомаға жыл соңына дейін 2300 адам оқытылуы қажет.

«Біз олардың оқып жатқанын және мамандықтарын білеміз. Сондықтан нәтижені 10 күн күтпеу үшін біз оларды жұмысқа орналастыруды жоспарлай аламыз. Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі міндет. Бұл адамдардың тағдыры. Сондықтан ешқандай қауіп болмауы керек», - деді Болат Бақауов.

 

Өзгелердің жаңалығы