Мұсылмандардың қажылық маусымы басталды

18 Шілде 2021, 05:29
1066
Бөлісу:
Мұсылмандардың қажылық маусымы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясында мұсылмандардың қажылығы сенбіде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған қатаң шектеулер жағдайында басталды.

Биылғы қажылық 17 шілдеде басталып, 22 шілдеге дейін жалғасады. Екінші жыл қатарынан бұл рәсімге басқа елдердің тұрғындары қатыса алмайды. Қажылыққа елде бекітілген вакциналармен коронавирусқа қарсы екі екпені де алған 18 бен 65 жас аралығындағы корольдіктің 60 мың азаматы мен тұрғыны қатысады.

Биыл қажылар саны 10 мың адам қатысқан алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Корольдік билігі бес күндік қажылыққа қарсы жаңа шаралардың арқасында, 2020 жылдағыдай, коронавирус туғызған аурудың алдын алуға болады деп үміттенеді.

Өзгелердің жаңалығы