Министр ұлттық жобаға қанша қаржы жұмсалатынын айтты

29 Қазан 2021, 13:08
17317
Бөлісу:
Министр ұлттық жобаға қанша қаржы жұмсалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасына қанша қаржы жұмсалатынын айтты.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2,2 трлн теңге мөлшерінде қаражат жұмсалады. Оның 1,4 млн теңгесі мемлекеттік бюджеттен, ал 800 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен тартылады, - деп айтты министр жоба туралы.

Ұлттық жоба Премьер-министрдің қаулысымен биыл 12 қазанда қабылданды.

Ол жобаның негізгі бағыттарына тоқталды.

5 минут ішінде көрсетілетін қызметтер бағытын іске асыру шеңберінде процестер мен функциялардың цифрлық реинженирингі жүргізіледі. Осы процесс өткеннен кейін ғана оны цифрлық, яғни онлайн форматқа көшіру көзделіп отыр. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті форматына көшуге мүмкіндік береді. Жеке қатысуды талап етпейтін қызметтер баламасыз түрде, яғни цифрлы форматта ғана көрсетіледі, - деп түсіндірді министр Бағдат Мусин.

Министр өз кезегінде негізгі көрсеткіш – бұл автоматтандырылған қызметтердің саны емес, цифрландырылған және проактивті өмірлік жағдайлар болатынын айтты.

Мысалы, бір баспанадан екінші баспанаға көшу тек құқықты рәсімдеумен ғана шектеліп қоймайды. Көшу мәселесі телефонды орнату, квитанциялардың сіздің атыңызға жүктелуі –өмірлік жағдай. Осыған сай цифрлық барлық қызметті бейімдету керекпіз. Оған тек ведомство жағынан ғана қарап қоймай, адами тұрғындан қалай көрсетілуі, неге көрсетілуі керек деген сұрақтарға жауабын тауып, сол қызметтерді өмірлік жағдайларға бейімдейміз. Содан кейін цифрлық форматқа көшеміз, - деп айтты министр.
Өзгелердің жаңалығы