Мусин цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқаратынын айтты

2 Қыркүйек 2020, 10:02
1529
Бөлісу:
Мусин цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқаратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин онлайн өткен Үкімет отырысында қандай жұмыс атқаратынын айтты. 

Мемлекет басшысы Жолдауында цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша 2 ірі жоба бар. Ауылдарға оптикалық желілердің құрылысы мен мобильдік кең жолақты интернетті тарату. Осы жұмыстарды жыл соңына дейін операторлармен бірігіп аяқтайтын боламыз. Бұл 250 адамнан астам тұрғыны бар ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Мусин айтқандай, байланыс сапасын арттыру үшін байланыстың параметрлері анықталады. 

Байланыс операторларына қойылатын талаптарды арттыру  бойынша бірқатар заңнамалық актіні пысықтаймыз. Қызмет алушылардың еgov-та бір қадам арқылы тіркелуін жүзеге асырып жатырмыз. Тіркелушілер еgov-та қағаз құжаттарымен қатар, сандық сервистерді алуға мүмкіндік алады. Бұл сервиске жыл соңына дейін жүргізуші куәлігі, шетелдік паспорт, студенттік билет, ЖОО туралы диплом құжаттарды шығару жоспарланған. Жыл соңына дейін жоғары сұранысқа ие 30-ға жуық анықтаманы алып тастау үшін тиісті интеграциялар жүргізіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы