Мусин отставкасы туралы. Сенім білдірген әрқайсыңызға ризамын

30 Сәуір 2024, 20:07
483
Бөлісу:
Мусин отставкасы туралы. Сенім білдірген әрқайсыңызға ризамын
Фото: Бағдат Мусиннің инстаграм парақшасынан

Цифрлық даму министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин отставкаға кетуі туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мусин Instagram парақшасында алғыс сөз жариялаған екен.

Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар. Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі - цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді, - деп жазды экс-министр.

Ол Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп екенін айтты.

3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп. Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қатар келген қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бірге бөлістік. Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине - цифрлы мемлекеттік қызметтер. Сонымен қатар, біздің прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілді және біздің елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік берді, - деді Мусин.

Еске салсақ, бүгін Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы