Мусин отставка туралы сұраққа жауап берді

14 Наурыз 2023, 11:53
3204
Бөлісу:
Мусин отставка туралы сұраққа жауап берді

Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз жұмысына баға беруден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз мемлекеттік қызметкер ретінде әрбір күн сайын кетуге дайынбыз. Сондықтан қашан бізге бұйрық беріледі сол кезде орнымызды босатамыз. Біздің келесі Үкіметке тағайындай ма, тағайындамай ма ол біздің қолымызда емес оны Мәжіліс пен Президент шешеді, - деді Бағдат Мусин.

Журналистер ведомства басшынан «өзіңіздің жұмысыңызға қандай баға бересіз» деп сұрады.

Мен өз өзіне баға беруді дұрыс емес деп есептеймін. Ал, жалпы атқарылған және атқарылмаған жұмыс көп. Сол себепті оның бағасын халық пен өздеріңіз бересіздер, - деп жауап берді министр. 

Өзгелердің жаңалығы