Мусин интернеттің сапасын тексеріп, репортаж жасап жүрген журналистерді мерекемен құттықтады

28 Маусым 2021, 18:42
3870
Бөлісу:
Мусин интернеттің сапасын тексеріп, репортаж жасап жүрген журналистерді мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мереке – Журналистика күнімен құттықтаймын! Пандемия салған сергелдең шақта, әсіресе, фейкньюстер көбейген кезде ресми БАҚ-тың қаншалықты құнды екендігін көз көрді. IT мен инновациялар қазіргі журналистикаға да қатты әсер етті: озық технологиялар мен цифрлық дамудың арқасында ақпарат тарату құралдары жетіліп, қарқыны жеделдей түсті, - деді министр.

Алайда Мусин атап өткендей, журналистиканың басты құндылығы өзгерген жоқ – елде және әлемде болып жатқан жағдайды объективті және түсінікті қалыпта жеткізу! Бұл тарапта кейбір журналистердің кәсібіне деген адалдығы тамсантып, тәнтті етеді.

Сіздерге кәсіби жанкештіліктеріңіз - аптап ыстық пен құйып тұрған жауынға қарамастан, интернеттің сапасын тексеріп, Байқоңырдан репортаж жасап, еліміздегі стартап нарығы жайлы объективті көзқарас білдіріп, цифрландыру саласы жайлы халықты құлағдар етіп келе жатқандарыңыз үшін, баспасөз конференциясында көтерген маңызды тақырыптарыңыз бен көкейтесті сұрақтарыңыз үшін алғыс айтамын! – деді ол.

Сөз соңында цифрлық сала министрі журналистерге мықты денсаулық,шаңырақтарына шаттық, береке-байлық пен шығармашылық шабыт тіледі.

Өзгелердің жаңалығы