Мусин «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беруге қатысты пікір білдірді

6 Сәуір 2022, 15:41
2445
Бөлісу:
Мусин  «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беруге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мәжіліс отырысының кулуарында айтты.

Кеше («Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры –авт.) Дмитрий Рогозин жоспарлары өзгермегенін айтты. Олар Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істейтіндерін және жоспарланған барлық ғарыштық бағдарламаны әзірлейтіндерін мәлімдеді, - деді  Бағдат Мусин.

Министр 15-20 сәуірде ғарыштық бағдарламалар бойынша Ресеймен келіссөздер болатынын айтты.

Біз ресейлік әріптестерімізбен келіссөздер жүргіземіз, өйткені уақыт бір орында тұрмайды, біз де орманда тұрмаймыз. Біз олармен 15-20 сәуірде бірқатар мәселе бойынша, соның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалық жобалар бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деді Мусин.

Министр «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру шарты 2050 жылға дейін ратификацияланғанын атап өтті. Жыл сайын Ресей ғарыш айлағын жалға алғаны үшін 100 миллион доллардан астам қаржы төлейді.

Өзгелердің жаңалығы