Мұнай бағасы төмендеді: Трамптың мәлімдемесі нарықты тыныштандырды

Жұма күні Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,21 долларға (1,3%) арзандап, барреліне 89,17 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 1,23 долларға (1,4%) төмендеп, 86,48 долларға жетті. Апта қорытындысы бойынша Brent 4,2 пайызға, WTI 4,4 пайызға арзандаған.

 pexels.com Бүгiн 2026, 08:15
Бүгiн 2026, 08:15
138
Фото: pexels.com

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға жоспарланған әскери соққыдан бас тартатынын  мәлімдеуі мұнай нарығына әсер етіп, әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды.

Жұма күні Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,21 долларға (1,3%) арзандап, барреліне 89,17 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 1,23 долларға (1,4%) төмендеп, 86,48 долларға жетті. Апта қорытындысы бойынша Brent 4,2 пайызға, WTI 4,4 пайызға арзандаған.

Бұған дейін Иранға «өте қуатты» соққы беретінін айтқан Трамп әскери операциядан бас тартатынын хабарлап, мұны Тегеранмен жүргізілген келіссөздердегі ілгерілеумен байланыстырды. Алайда Иранның жартылай ресми Fars агенттігі ел билігі қандай да бір келісім мәтінін мақұлдамағанын мәлімдеді.

IG сарапшысы Тони Сикамордың айтуынша, бұл жағдай нақты нәтиже бермеуі мүмкін болғанымен, нарық оған бірден реакция танытты.

Сонымен қатар инвесторлардың алаңдаушылығын Ормуз бұғазына қатысты жағдай күшейтіп отыр. Иран бұған дейін бұғаздың жабылғанын жариялап, бұл бағытпен өтетін кемелерге қауіп төнуі мүмкін екенін ескерткен. Әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің шамамен 20 пайызы осы бұғаз арқылы тасымалданады.

Соған қарамастан АҚШ әскери күштері коммерциялық кемелердің бұғаз арқылы қатынауын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасы уақытша төмендегенімен, Таяу Шығыстағы геосаяси тәуекелдер әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Егер мұнай бағасы барреліне 80 доллардан жоғары сақталса, нарықта қайта қымбаттау ықтималдығы жоғары.

Наверх