Мүмкіндігі шектеулі балалар үстел теннисі турнирінде жеңіске жетті

18 Қараша 2023, 05:24
567
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі балалар үстел теннисі турнирінде жеңіске жетті
Фото: BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы «Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығының» қамқорлығындағы балалар «Спешиал Олимпикс» үстел теннисі турнирінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Моисей Самохвалов, Дана Кисамедин және Захар Толстухин жеңімпаз атанды. Турнирге 14 пен 35 жас аралығындағы жастардан құралған 6 команда қатысты. 

Орталық мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтену мен қоғамға бейімдеуге көмектесетін арнайы қызметтер ұсынады.

Орталық директоры Нұрайым Дүйсенбаева спорттың балалардың денсаулығы мен психикалық жағдайына оң әсерін атап өтті. Жарысқа қатысу дағдыны дамытуға, денсаулықты нығайтуға септігін тигізеді. 

Бұл орталық қамқорлығындағы балалардың алғашқы жеңісі емес, олар жүзу, боулинг және шағын футболдан өткен жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да зор жетістіктер тілейміз!

Өзгелердің жаңалығы