Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Ақынмен қоштасу рәсімі 21 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында болады. 

 gov.kz Бүгiн 2026, 14:00
Бүгiн 2026, 14:00
259
Фото: gov.kz

Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты жерлеу рәсімі Алматыда өтеді. 

Қазақстан Жазушылар одағының мәліметінше, қонақасы 20 сәуір күні сағат 19.00-де Алматыдағы "Жұлдыз" мейрамханасында өтеді. 

Ақынмен қоштасу рәсімі 21 сәуірде сағат 09.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында болады. 

Жерлеу рәсімі сол күні сағат 11.30-да "Кеңсай-2" зиратында болады. 

Еске салайық, бұған дейін қазақтың ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқанын жазған едік.

20 сәуірге қараған түні Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Артынша әлеуметтік желіде Шахановтың соңғы хаты деген жазба тарады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Наверх